8 - наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесі құтты болсын!!!
08.03.2016 Құрметті Аналар, Арулар! 8 – наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесі құтты болсын! Көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін мереке – көңілге қуаныш сыйлайтын атаулы күн. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек сіздерге арналсын. Көк желекті көктеммен бірге құлпыра беріңіздер!
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Баршаңыз әрқашан айналаға сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып жүре беріңіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
