Көктем аруы
04.03.2016Бүгін №51 мектеп-гимназиясының 3 «Д» сыныбында 8 наурыз мерекесіне орай «Көктем аруы» сайысы өтті. Сынып жетекшісі Айтпанова Клара Тасболатқызы барша аналар қауымын аналар меркесімен құттықтай отырып, бүгінгі өткелі отырған сайыстың мақсатын түсіндірді. Сайыс бағдарламасы
5 турдан тұрды: 1. Таныстыру.
5 турдан тұрды: 1. Таныстыру.
Сайысқа қатысқан қыз балалар өздерінің нәзіктігімен, өнерімен, білімділігімен, шеберлігімен әділқазылар мен көрермендердің ықыласына бөленді. Сайысты сынып үздіктері Қажыбаев Ибрагим мен Ғалымбеков Шәмші жүргізді. Ал Байлар Қайсар сынып аруларына әннен шашу шашты. Сайыс қорытындысы бойынша Алмас Анель бас жүлдені иеленіп, «Көктем аруы» атанды. Тәрбие сағатына тәрбие ісі орынбасары Ғалия Қадырбайқызы мен бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі Ақынгүл Атабекқызы қатысты. Ақынжанды Қайсар сыныптас қыздарға өлеңнен тарту жасады: Айгерім - айдай сұлу,
Мейірімді жүзің жылы.
Нұр шашып жан-жағына,
Береді жанға жылу.
Сыныптың мақтанышы, қалаулысы,
Қазағымның аруы - Қалаулы қызы.
Еркелетіп өсірген қызығым деп,
Ата-анаңның өзіңсің аяулысы.
Диляра –қазақ қызы,
Өнерлі, өнегелі, жылы жүзді.
Ата-анаға әрдайым қамқор болып,
Тәртіпті боп қуантар және бізді.
Мейірімді жылу бар көздеріңде,
Ақылменен сөйлейсің сөздеріңді.
Азиза, сен әрдайым ақылды бол,
Ата-анаңның сұлуы, бақыты бол.
Томирис - ару қызы ғой сыныптағы,
Томирис – ұқыпты қыз сыныптағы.
Жақсы оқып, көзге түсіп ол әркезде,
Ақылына көркі сай болар кейде.
Ата-анаңның Эльмирасы, бақыты,
Періштесі, сүйкімдісі, алтын, гауһар, жақұты.
Ата-анаңа күлкі сыйла, бақ сыйла,
Қуаныш пен шаттық сыйла, таң сыйла.
Қазағымның ару қызы сен, Айым,
Ата-анаңның мақтанышы бол әрдайым.
Жақсы оқып, тілалғыш, тәрбиелі,
Көркіңе ақылың сай бол ұдайы.
Өнегелі, әдепті қыз – Диана,
Көрмейсің сөйлегенін сабақта.
Жыбырламай, тыныш қана отырып,
Сабақ айтар шығып алып тақтаға.
Арулардың аруы Анель деген,
Қызға тән сұлулықты құдай берген.
Жақсы оқып, ата-анаңды қуанта бер,
Шаттық көңіл сыйлауға құмарта бер.




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
