«Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» тақырыбында республикалық жас ақындар айтысы өтті

04.03.2016

   Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен 2016 жылғы 3 наурыз күні Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Ж.Жабаевтың туылғанына 170 жыл толуына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» тақырыбында республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жас ақындар Қазақстанның шартарабынан келіп, Жамбыл аталарындай жырдан кесте төгіп, жиналған қауымды жас талаптарымен бір серпілтіп тастады. Айтыстың әділқазылар алқасында қазақтың маңдай алды азаматтары Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы (ақын, филология ғылымының докторы, профессор), Сүлеймен Оспан Сүлейменұлы(«Құрмет» ордені, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі), Балғынбек Имашев (айтыскер ақын, 2014 жылғы «Алтын домбыра» иегері), Ұларбек Нұрғалым (ақын, Kazaitys.kz сайтының Бас редакторы), Жандарбек Бұлғақов (айтыскер ақын, 2013 жылғы «Алтын домбыра» иегері) болып, жас ақындардың қарымды айтысына бағаларын берді.
   Бас жүлде және жүлдеге тігілген 170000 теңгені Астана қаласының жас ақыны, жас қыраны Төлепберген Диас қанжығасына байлады. І орын (120000 теңге) – Рагатов Айбар, ІІ орын (80000 теңге) – Оспанов Бекарыс, Аян Ниязбек, ІІІ орынды (50000 теңге) бәйгеге қатысқан 12 ақынның құралайы Шапағат Сәбитқызы, керекулік Жанбау Марғұлан иеленді. Мектеп директорының арнайы жүлдесімен алматылық Медеу Мырзатаев, қазылар алқасының марапатымен батыстық ақын Нысанғали Данияр дараланды.

 
     
 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено