Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу
24.02.2016
23 ақпан күні №15 мектеп-лицейінде «Ауғанстан соғысы: шындық, тарих, тағылым» тақырыбында ауған соғыс ардагерлерімен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Кездесуге Елубаев Кайрат Мендыбаевич, ауған соғыс ардагері, 2-і дәрежелі «Айбын» ордені және «Ерлігі үшін» медалінің иегері;
Жайдаров Кабдыуахит Кабуллинович, ауған соғыс ардагері «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің иегері және ҚР волейболдан жаттықтырушысы;
Кусаинов Айбек Айткожинович, ауған соғыс ардагері, «Қызыл жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» медалінің иегері;
Ахметов Нурлан Тлектесович, ауған соғыс ардагері, «Ерлігі үшін» медалінің иегері; Кравцова Лидия Александровна - ауған соғыс ардагері А.А.Кравцовтың туған қарындасы қатысты. Кездесуді мектеп директоры Б. Жаркенов ашып, келген қонақтармен таныстырып, келгендеріне рахметін айтып, өзінің жылы лебізін білдірді.

Іс-шарада біздің мектептің бес түлектері, ауған соғысында қаза болған ардагерлер туралы фильм, слайдтар көрсетіліп, оқушылар ән айтып, би билеп, өлең жолдарын оқыды.
Келген қонақтар оқушылар қойған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларды елін, жерін сүюге, патриоттық сезімде болуға шақырды. «Ауғанстан соғысы» туралы видеохроикадан кейін А. Кравцовтың үлкен әпкесі Александрдың басыннан кешкен оқиғаларды айтып, көзіне жас алды.
8 «В» сынып оқушысы Шаяхметова Мадина өзінің анасының ағасы Жакупов Русланның ерлігі туралы және оның шығарған өлең жолдарын оқып берді.

Мектеп оқушылары ауған соғыс ардагерлерін ерліктеріне әрдайым бас иіп, үлгі тұтындарын айтты.

Іс-шараның 2 бөлімінде мектебіміздегі «Еңбек және Ерлік даңқы» мұражайына барды, онда 8 сынып оқушылары ауған және ҰОС ардагерлерінен қалған естеліктерді көрсетіп, батырлар туралы деректерді айтып, таныстырды.

№15 мектеп-лицей директорының тәрбие ісінің орынбасары
Ғалия Омашева
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено