« Білімнің кені - бастауышта» атты бастауыш сыныптар арасында онкүндік аясында ашық сабақтар өткізілді.
03.02.2016« Білімнің кені - бастауышта» атты бастауыш сыныптар арасында өткен онкүндік аясында ашық сабақтар өткізілді. 1 «Е» сынып жетекшісі Әлемнұр Хадайқызының жетекшілігімен ана тілі пәнінен «Жіңішке дауыстылар» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ ойын түрінде өз деңгейінде өтті. Оқушылар сабаққа белскене қатысты.
Сонымен қатар 1 « Ғ» сынып жетекшісі Л.Т. Бодееваның жетекшілігімен ана тілі пәнінен «Төлдер» атты ашық сабақ өтті. Сабақ барысы жүйелі, ертегі желісінде жүргізілді. Оқушылар «Төлдер» туралы толық мағлұмат ала отырып, әр түрлі тапсырмалар орындады.
2 «В» сынбында қазақ тілі пәнінен А.С.Жағыпарова жетекшілігімен «Сөйлемге жұрнақ, жалғау жалғап, сөйлем құрастыру» атты ашық сабақ өтті. Деңгейлік тапсырмалар орындап, топпен, жұппен , жекелей жұмыстар жүргізілді.
2 «Б» сыныбында Н.Д.Уалиева жетекшілігімен қазақ тілі пәнінен «Жұрнақ мен жалғау » атты ашық сабақ өткізілді. Сабаққа оқушылар белсене қатысып, жұрнақ пен жалғау туралы толық мағлұмат алды. Әртүрлі тапсырмалар орындай отыра, шығармашылық жұмыстардан да оқушылар биіктен көрінді![]() |
![]() |
![]() |
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено



