Әліппемен қоштасу
29.12.2015
«Әліппе, саған мың алғыс!»
Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, осыдан 4 ай бұрын мектебіміздің 1 «Ә» сыныбы да болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойын жоғары деңгейде өткізді. Шара барысында кішкентай бүлдіршіндер тақпақтарын мәнерлеп оқып, мазмұнды көріністер көрсетіп, әдемі әндерімен көрермен халықты баурап алды. Ең қызығы мереке басы әже, ата, немеренің мектепке келген шақтарынан үзінді көрінісімен ашылды. Білімге, өнерге ұмтылған балаларының қолдарына қалам ұстатып,әліппені үйретіп, жазуға, оқуға баулыған алғашқы ұстазы Сулейменова Айгуль Камидулловнаға ата-аналар шексіз риза.
Шара соңында бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Калиева Алтынай Машенқызы кішкентай бүлдіршіндерге білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдарымен құттықтап, әр балаға Әліппені оқып аяқтағаны туралы диплом табыстады. Ата-аналары да балаларының маңызды мерекесіне құр қол келмей «Ертегілер елінде» кітаптарын тарту етті. Тойларыңыз тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
1«Ә» жетекшісі: Сулейменова А.К.
Назад