Айтыскер ақындармен кездесу өтті
28.01.2016 27 қаңтар сағ 11.30- да белгілі ақын, айтыскер, көптеген Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, филология ғылымының кандидаты, Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы Балғынбек Имашев және айтыс ақындары Жандарбек Бұлғақов және мектеп түлегі, жас айтыскер ақын Мейіржан Әлибековпен кездесу өтті. Кездесуді мектеп түлегі, айтыскер жас ақын Сырым Әуезханов жүргізді. Айтыскер, ақындар оқушылардың қойылған сұрақтарына көңілге қонымды жауап берді. Кездесу соңынан сөз алған белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев осы кездесуді ұйымдастырған мектеп басшысына, ұстаздарына, оқушыларға және ата- аналарға өзінің ақ тілегін арнап, көкейінде жүрген ойларын, игі ниетпен жеткізді.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
