26 қаңтар күні 5 сыныптар арасында жас мамандар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динара Мейрамбекқызы мен информатика пәні мұғалімі Ернар Қаржаубайұлының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті.

26.01.2016

 2016 жылдың 25-27 қаңтар аралығындағы апталық «Жас мамандар мектебінің» жас ұстаздарына арналмақ. Мектебімізде жылдағы дәстүр өз жалғастығын тауып жатыр.  Білім саласына жаңа буын жастар жыл санап өсіп, ұстаздық ұлы мамандықты таңдап келіп жатыр. Міне, сол маманның иелері № 38 мекеп-лицейінде  апталық жұмыс бастап, кіріктірілген ашық сабақтар өткізіп жатыр.

26 қаңтар күні 5 сыныптар арасында жас мамандар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динара Мейрамбекқызы мен информатика пәні мұғалімі Ернар Қаржаубайұлының ұйымдастыруымен  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті. Интеллектуалды ойынның мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары  оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Сайыс 4 айналымнан тұрды. Олар: Бәйге, Полиглот, Дода, Жорға. Сайысқа әр сыныптан оза шапқан 5 оқушы іріктеліп алынды.

5 «А» сынып оқушысы Серікбаева Айшолпан;

5 «Ә» сынып оқушысы: Ахметжанова Рымжан;

5 «Б» сынып оқушысы: Балтаев Ернұр;

5 «В» сынып оқушысы: Данат Мерей;

5 «Г» сынып оқушысы: Мұхаметжан Парасат.

Ойын тартысты өтті. Спорт, тарих, тұлғалар тақырыбында барлық сұрақтар қамтылып, мектеп бағдарламасына сай сұрақтар да қойылды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, ойын барысында өзін зерек танытып, бар білімін ортаға салған оқушылар дәрежелі дипломдармен мараппатталды. ІІІ орын иегері  5 «ә» сынып оқушысы Ахметжанова Рымжан, ІІ орын Серікбаева Айшолпан, І орын 5 «в» сынып оқушысы Данат Мерей. Ал Мұхаметжан Парасат, Балтаев Ернұр жеңіске деген ұмтылыстары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс қорытындысын  мектеп-лицей директоры өте жоғары деңгейде өткенін айтып, жас маман ұстаздарға еңбекте жеңіске жете беруге және алдағы уақытта осындай интеллектуалды оындар жалғасын тапса деген ұсыныс тілек айтып шығармашылық жұмысқа табыс тіледі.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено