Үш тұғырлы тіл аясында өткізілген іс – шара
26.01.2016Қаңтардың 26 күні тілдің үш тұғырлы аясын кеңейту мақсатында 8 – 9 сыныптар арасында « ХХІ ғасыр көшбашысы» тақырыбында көлемді іс-шара болып өтті. Іс - шара интеллектуалдық сайыс түрінде өткендіктен, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылықтары өте жоғары деңгейде болды.Іс-шараға жауапты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.Т. Чолпанбаева, қазақ тілі пәнінің мұғалімі С. М. Сахариева, орыс тілі пәнінің мұғалімі Б. К. Бабажанова сайыс барысында оқушылардың пәндік білімдерімен қоса, ой түйіндеулерін, мағлұматтың толық берілуін де қадағалады. Сайыста 9 «А» сыныбынан құралған «Жастар» тобы, 9 «Ә» сыныбынан құралған «Handsome boys» тобы, 8 «ә» сыныбынан құралған «Словесники» тобы 4 кезең бойынша өз білімдерін ортаға салды. Сайыс оқушыларға аталған пәндер бойынша көптеген қызықты мәліметтер беріп, тілді меңгеруде қызығушылықтарын оята білді. Сайыстың қорытындысы бойынша, «Жастар» тобы I орынды , «Handsome boys» тобы II орынды, ал III орынды «Словесники» тобы иеленіп, жеңімпаздарды мектеп – гимназия директоры С. Б. Нугуманова мақтау қағаздарымен марапаттады. Мектеп басшысы мұндай іс – шаралардың мектеп өміріндегі маңыздылығына тоқтала келіп, балалардың үш тілді игеруге деген ұмтылыстарын құптарлық іс деп мақтап өтті.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
