Әдістемелік әшекей
26.01.20162016 жылғы 23 қаңтар күні колледжде әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен дәстүрлі «Әдістемелік әшекей» атты көрме өтті. Бұл көрмеге алты пәндік-циклдік комиссиясының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері өздерінің дайындап шығарған оқу құралдары, тесттер жинақтары, әдістемелік нұсқаулықтар, жұмыс дәптерлері, пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендері, дәріс жинақтарын, т.б. жұмыстарын ұсынды. Барлығы - 23 оқытушы қатысып, 51 жұмыс ұсынды. Комиссия мүшелері, қойылған мақсаттар мен талаптарға сәйкес сараптама өткізіп, әр әдістемелік жұмысты тиісті бағалап шықты.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
