«Алаш зиялыларының психологиялық ой тұжырымдамалары» атты дөңгелек үстел іс-шарасы өтті
20.01.2016Мақсаты: Оқушылараға ХХ ғасырдағы қоғам қайраткерлерінің қазақ халқы үшін ерен еңбектері мен қазақ тарихында Алаш партиясының алатын орны жайында,қазақ зиялылардың қызметтері жайында дәріптеу.
1.Алаш партиясы:
1.Алаш партиясы:
Алаш партиясы мүшелері Алаш орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен,қоғамның тарихи даму заңдылықтарымен реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды,саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі,осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда,қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәстүрінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық. 1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс орталықтарында аймақтық қазақ съездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады.1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде Алаш атты партия құрылып,бұл съезде 14 мәселе қаралды.Осылардың ішінде ерекше айтатынымыз;
1)Мемлекетті билеу түрі;
2)Қазақ облыстарындағы автономия;
3)Жер мәселесі;
4)Оқу мәселелері

2. Алаш партиясының қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов
Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.

«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саясаткерлердің бірі, тарихшы, журналист, жазушы және драматург Қошмұхаммед Кемеңгерұлы бұл очеркін 1922 жылы аяқтап, 1924 жылы Мәскеудегі СССР халықтарының орталық баспасынан шығарды. Совет өкіметінің қуғын-сүргініне ұшыраған Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы 15 жылын осы Мәскеуде өткізіп, Кремльдің жеті бақылауында болған еді.
3.Ахмет Байтұрсынұлы (1872- 1973) 1872жылы Торғай уезінің қазіргі қостанай облысы Тосын болысында дүниеге келген. Әкесі қарапайым шаруа болғанымен кез келген зорлықшыға кеудесін бастырмаған намысты азамат болған.1886-1895 ж-да Торғай,Орынборда оқып, мұғалімдік мамандық алып шығады. Мұғалімдік қызмет атқарады. Ол көптеген шығармалар жазып адал әрі әділетті азамат ретін ғана емес ақын, өнерлі азамат ретінде де танылған. Қазақ халқаның әліппесін ойлап тауып аса шеберлікпен халыққа жария еткен.Ол қоғам қайраткері. Кеңес жағына шығып, саяси-әлеуметтік жағдайларға көп араласқан. Қоғамға, еліне көп еңбек сіңіріп, қоғам қайраткері атанады.

4. Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) – Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы

1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.

5.Міржақып Дулатұлы

5.Міржақып Дулатұлы
“Алыстан алаш десе аттанамын,
Қазақтың қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ,шешем қазақ –
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!’’ - өлең авторы Міржақып Дулатұлы қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушысы, жалынды көсемсөз шебері.Туған жері қазіргі Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты.Әкесі - Дулат, шешесі - Дәмеш.Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, ауыл мұғалімі атанған зерделі жас ауыл тұрғындарыныңауыр тұрмысын,теңдігі жоқ аянышты хәлін толқиды.Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп,қалың елге тізесін қатты жоғын жақтап, мұңын мұндауға серт байлайды.
Қорытынды: Алаш зиялыларын ардақтайық!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено