Елбасының Жолдауы-болашаққа бағдар жол.
22.12.2015Елбасының Жолдауы-болашаққа бағдар жол
Астана қаласы №49 орта мектебінде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму » атты Қазақстан халқына арнаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауын педагогтар арасында қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Сындаркулова, бастауыш сынып мұғалімі А.К. Шаяхметова баяндама жасап, еліміздің дамуы жолындағы маңызы бар екенін айтып, мақсат-міндетіміз бен бағыт-бағдарымызды айқындаған Елбасы Жолдауын кеңінен таныстырып өтті. Жолдау ұстаздар арасында қолдау тапты. Экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар туралы хабарлады. Қазіргі кезде әлемде жүріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығудың нақты жолдарын саралап көрсетті. Елбасы өз жолдауында сәт сайын құбылған заманға сай амалдарды жоспарлап ұсынған. Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылудың нақты жолдарын ұсынған. Бүгінгі әлемдегі сың-қатерлерді сараптап, нақты баға беріп, осы қиындықтан табыспен шығудың жолдары көрсетілген, біртұтас іс-қимыл стратегиясы жасалған. Стратегиялық жоспардың 3-бөлімінде «5 институттың реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспары жүзеге асырылуда деп көрсеткен. Ұлт жоспарында елдің барлық дамуы бағыттарын қамтитын 100 нақты қадамның қалай іске асырылып жатқаны бізді қуантады және болашағымызға деген, ел мүмкіндігіне деген сенім ұялатады. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бесінші бағытында халықты әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. 2016 жылдық 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы мен білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысын орташа алғанда 28-29% арттыру- халықты қорғаудың, қамқорлық жасаудың бір жолы деп қабылдаймыз.
Елбасының Мәңгілік ел болу үшін халқымен бірге жасаған әр қадамын қолдаймыз және сол қадамдардың тұғырымызды нығайтатынына сенім білдіреміз!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
