Астана қаласы №49 орта мектебі 2015-2016 оқу жылындағы Тұңғыш президент күніне арналған 8 а,в,г оқушылармен жүргізілген XXI ғасыр көшбасшысы атты зияткерлік сайысына Анықтама

22.12.2015

Астана қаласы  №49 орта мектебі

2015-2016 оқу жылындағы Тұңғыш президент күніне арналған 8 а,в,г оқушылармен жүргізілген XXI ғасыр көшбасшысы атты  зияткерлік сайысына

                                                                        Анықтама


Қазақстан Республикасын Тұңғыш Президент күніне арналған XXI ғасыр көшбасшысы атты  зияткерлік сайысын  8 а,в,г сыныптарымен № 49 орта мектептің  тарих пәнінің мұғалімі Мақұлбаева Фарида Жалалқызының үйымдастыруымен  өткізілді.

Сайыстың мақсаттары:

Білімділік: Сайыскерлердің Отанымыз – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдардындағы шежіресін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен нығаюы жолындағы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметі және оның маңызы, тұңғыш президенттің саяси тұлғасы, күнделікті өмірі мен отбасылық жағдайы туралы білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Жоғарғы сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу. Сайыс 4 бөлімнен тұрды:

  1. Жалпы сұрақтар.
  2. Көкпар.
  3. Бәйге.
  4. Жорға.

Қатысқан оқушылар: 8»а» сынып оқушысы Кайрулла Аружан, Оразалиев Ерсұлтан, 8 «в» сынып оқушылары Ақшабақова Меруерт мен Өксікбаева Айзада, 8 «г» сынып оқушысы Сабыр Ақбота  қатысты.

I тур – Жанды сұрақтар

Барлығы президент өмірбаянына байланысты 15 сұрақ қойылады, дұрыс жауап берген әр оқушыға 5-балл беріледі.

II тур – «Көкпар» деп аталады. Бұл тур 6 -нұсқаға бөлінді. Әр нұсқада 5 сұрақтан

  1. Тәуелсіз Қазақстан
  2. Тұңғыш елбасы
  3. Еуразия жүрегі - Астана
  4. Тарихи тұлғалар
  5. Ата заң
  6. Әлемдік қауымдастық

III тур – «Бәйге» деп аталады. Бұл тур 3 -нұсқаға бөлінді. Әр нұсқада 5 сұрақтан. Ойынды ұпайы аз оқушы бастайды.

  1. Балалық шағымның аспаны
  2. Тұлға
  3. Зиялы елбасы

 

IVтур – «Жорға» деп аталады. Қатысушы 1 минуттың ішінде берілген сұрақтарға жауап беріп үлгеруі тиіс

Іс-шараның соңында жеңімпаздарды марапатталып,әділқазылардың шешімін тыңдалды.

Сайыс қорытындысы бойынша:

1-орын 255 ұпаймен  8 «г» сынып оқушысы Сабыр Ақбота иеленсе,2- орынды 207 ұпаймен 8 «в» сынып оқушысы Өксікбаева Айзада, 3-орынды 105 ұпаймен 8 "в" сынып оқушысы Ақшабақова Меруерт меленді.


«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысынан көрініс


 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено