Републикалық пәндік олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі өткізілді

12.12.2015

   Қаламызда желтоқсан айының 10-11 күндері Републикалық пәндік олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі өткізілді. Аталған білім сайысына барлық пәндер бойынша мектебімізден 77 оқушы қатысуға сұраныс білдірді. Нәтижесінде 53 оқушы ІІ кезеңге жолдама алып, 44 оқушы жүлделі орындармен оралды. Атап айтатын болсақ, 10 оқушы грамотамен марапатталып, 13 оқушы ІІІ орынды иеленді. 15 оқушы ІІ орын,  6 оқушы жүлделі І орындарға қол жеткізді. Сондай-ақ мектеп оқушылары қалалық ғылыми жобалар сайысында бақ сынап, 8 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен пән мұғалімдерін мектеп әкімшілігі құттықтап бағалы сыйлықтар тарту етті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено