Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат»-атты мектепішілік іс-шара

15.12.2015

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай

«Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат»-атты

мектепішілік іс-шара

 

2015 жылдың желтоқсанның  14 күні Астана қаласы №45 орта мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай«Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат»-атты мектепішілік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты:

Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру; Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ батырларының ерлігімен таныстыру; тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын оқушыларға  жете ұғындыру.

Тәуелсіздік-мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін білу үшін тарихқа көз жүгіртті.Тарихи-әдеби қойылым сахналанған театрландырылған көрінісімен ашылды. Қазақтың кұрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахынасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктірген тәуекелге бел буған Абылай ханның ерлігі, әйгілі атақты билердің ақыл-кеңестері халыққа тастаған  ұраның, ержүрек батырлардың ролін оқушылар шынайы сомдап көрсетті. Интереактивті тақтадан Желтоқсан оқиғасы туралы видеролик және терең  ойға шомылдырар слайдтар көрсетіліп отырды.

Мектеп оқушылары  мен ұстаздар ұжымының назарына Тәуелсіздік шежіресінен сыр шертер көріністерден кейін патриоттық әндер ұсынылды. Ұйымдастырушылар тарих пәнінің мұғалімдері С.М. Рсмаганбетова, А.Х. Искакова оқушыларға Ұлы қазақ ұрпағының ұланы екенін мақтаныш сезімімен жеткізе білуге, тарих сахнасында мәңігілік орын алар ел басынан өткен қасіретті шебер суреттеуге, азаттықтың оңай келмес ауыр жүгін таныстыруға асқан шеберлігін көрсетті.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! деген ізгі тілекпен

Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінімен аяқтады. Іс-шараның өте әсерлі өткенін көрермендер жанарынан анық көріне білді.

 

 

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено