Мектептегі сынып омбудсмендерімен кездесу
25.11.2015№52 мектеп-гимназиясында 25 қарашада сынып омбудсмендерімен кездесу болды. Мектепте 5-7 сыныптар саны – 17. Осы 17 сыныптың заң шығарушы өкіл оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғау, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шараларды жүзеге асыру, құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мәселесі.
Сонымен қатар, бала құқықтары жөнінде көптеген ақпараттар берілді.
Әр сыныптың заң шығарушы өкілдері сынып ережесімен таныстырып, өз есебін айтып, ойларымен бөлісті. Әр оқушы ойларында жүрген мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Алдағы өтетін лездемелерде сынып омбудсмендері сөз сөйлеп, өз пікірлерін айтуға мүмкіндік берілді. Осы отырыста мектеп омбудсменін оқушылар өз ортасынан 7 «Г» сынып оқушысы Мұхитова Жанельді сайлап, әр оқушы өз лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта жұмысына сәттілік тілеп, құттықтады.
![]() |
![]() |
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено

