"Астана және Елбасы" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

25.11.2015

"Астана және Елбасы" сурет көрмесі.
№ 55 орта мектебінде «Астана және Елбасы» атты 1-желтоқсан Президент күніне орай  бастауыш сынып оқушылары арасында   сурет көрмесі болып өтті. Жоспарға сай өткізілген сурет көрмесінде  бастауыш сынып оқушылары  суреттерді Астана тақырыбына яғни Отан,Елбасы,Астана табиғаты аясында салды.  Жалпы суреттің бейнелеу аясында алар орны ерекше. Сурет салуды жетік игеруге күн сайын жүйелі жұмыс істеу арқылы кәсіби  суретшілік дәрежесіне жететінін  байқадық. Себебі атақты суретшілер сияқты бүлдіршіндер  ер жетіп  талапкер болып бағын сынаса бойындағы жинаған өнері көмекке келері сөзсіз.
Осындай көрме ұйымдастыру арқылы оқушының сурет салуға деген қызығушылығының артқанын байқадық. Себебі мектебімізде суретке деген ынтасы бар балалар байқалды. Суреттер мазмұнды әрі мағыналы салынған.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено