Күзгі демалыс
12.11.2015
Қараша айының 5-і күні 5- сынып оқушылары МЧС өрт сөндіру мұражайына барды. Мұражайдағы өртке қарсы құрал-жабдықтарымен танысып, білімдерін толықтырды.
Бастауыш сыныптарда «Ертегілер әлемінде», «Ұлттық ойындар алаңы», «Көңілді старт» тақырыптар аясында қызықты, әрі танымды іс-шаралар өткізілді.
Күзгі демалыста волейбол, баскетбол, көңілді старт, пионербол, қазақша күрестен «Мектеп Барысы» сияқты мектепішілік жарыстар өтті. 6ә, 6е, 6в сыныптары «Көңілді старттан» жақсы деңгей көрсетсе, 7в, 7г, 7к сыныптары пионерболдан жақсы нәтиже көрсете білді. Қазақша күрестен «Мектеп Барысы» сайысынан 11 сынып оқушысы Зұлқарнаев Мейрам мектеп барысы атанды. 8-9 сынып оқушылары волейбол және баскетбол жарыстарына қатысып, 8ә сыныбы волейболдан жеңімпаз болып, баскетболдан 9в сыныбы жүлдеге ие болды. Жақсы нәтиже көрсеткен сыныптардың барлығы мадақтама грамоталарымен марапатталды.


«Күзгі демалыс» тақырыбында ұйымдастырылған жұмыстар өз уақытында,өз дәрежесінде өтті.Оқушылар күзгі демалыста болса да, мектеппен тығыз байланыста болып, күзгі демалыстарын қызықты өткізді.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
