Кітапхана - кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір

11.11.2015

Күзгі демалыс кезінде мектеп кітапханасында 2-3 сынып оқушыларының қатысуымен «Алаш арыстары» деген тақырыпта тағылымды іс-шара өтті. Мектеп кітапханашысы Сәуле Жақсылыққызы Алаш зиялылары жайында оқушыларға көптеген қызықты мағлұматтар айтып, кітаптарымен таныстырды. Шәкірттер М.Дулатов, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров сияқты ұлттың ұлы тұлғаларының өлеңдерін оқыды, өмірбаяндарын қысқаша айтып берді. Ұстаздары мен оқушылары қатар қатысқан бұл шара өте қызықты өтті.

                     

                     

                     

                     

Өз тілшіміз



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено