ТК сайысынан XV аймақтық «Төлеби» кубогі
10.11.20152015 жылдың 4-8 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының Бургулюк құзында туристік көпсайыстан «Төлеби» кубогі өтті. Салауатты өмір салтын ұстану және белсенді өмір сүру, Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарынан спорттық және достық байланысты ұлғайту мақсатында өткізілген бұл сайыста қатысушылардың спорттық, техникалық амал-тәісдерді шыңдау шеберлігін ,өзара тәжірибе алмасуын, туристік көпсайыстан мықты командаларды анықтауға бағытталған.
Біздің колледжден «Туризм» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Қ.Б.Белжановтың жетекшілігімен «үлкендер» санатындағы: Мухитов Артур, Турсынхан Кайрат, Жакупова Меруерт, Дюсембаева Аяужан студенттер қатысты.
Іс-шара бірнеше кезеңнен өтті. Қазақстанның барлық аймағынан қатысқан жиырма команданың ішінен «Байлау» қашықттығы бойынша біздің команда 2орын және « Командалық-техникалық» қашықтықта 3 орынға ие болды. Қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы Мадақтама қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
