EXPO-2017 көрмесі – Қазақстанның әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік!
03.11.2015EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүние жүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік. Осы мәртебелі шараға №48 мектеп-лицейдің оқушылары да өз үлесін қосып келеді. Атап айтсақ, «Алтын күз» мерекесі бағдарламасының негізгі бөлімі «Табиғат сыйы» көрмесі болды. 5-11 сынып оқушыларының бұл көрмеде табиғи материалдардан жасаған «Астана – болашақтың қаласы», «EXPO-2017» тақырыбындағы дизайн (әртүрлі макеттер, сәулет дизайны), бейнелеу бойынша (сурет, графика) жұмыстары ерекше әсер берді. Сәндік-қолданбалы өнер түрінен оқушылар жасаған кәдесыйлар өте жоғары деңгейде болды. Осындай игілікті істер өз жалғасын таба береді.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
