Қарты бар үйдің қазынасы бар»
27.10.201527.10.2015ж 4 «А» сынып оқушылары кезекті тәрбие сағатына барынша дайындалып келді. Бұл күнгі тәрбие сағаты қарттарымызға, яғни аталарымыз бен әжелерімізге арналды.
Оқушылар ата-әжелеріне арналған өлең жолдарын оқып, ән айтып, мақал – мәтелдермен сөздерін өрнектеп жатты. Сонымен қатар, АКТ- ні еркін қолданып, тақырыпқа сай слайд таныстырылымдарын ортаға салды. Мысалы, Сенбаева Ақниет өзінің ата – әжесіне арнап өлең шумақтарын жазса, Аушахманова Арайлым эссе жазып келген.
![]() |
![]() |
Оқушылар сынып жетекшісінің басқаруымен топтаса жұмыс жасап, тақырыпты кеңінен аша білді. Сабақ соңында шаттық шеңберде «Асыл әжем» әнін бірлесе шырқады.
Сынып жетекшісі: П.Таубай
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено


