Білім беру мен мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру
28.10.2015Мектебімізде Кэмбридж бағдарламасы бойынша 2-ші деңгей оқыған ұстаздарымыз Абишова Фарида және Нуркина Ақжан Марденқызы "Білім беру мен мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру" атты коучинг жүргізді. Коучингке жас мамандар мен қоса тәлімгерлер, мектеп әкімшілігі басқа да пән мұғалімдері қатысты. Коучингте топтық жұмыстар жүргізілді. Алдымен ұстаздарға берілген тапсырма 4 топқы бөліп "мінсіз мұғалім, қатер, жас ұстаз " деген тақырыпта мұғалімдер өз ойларын жазды, бір-бірінің пікірлерімен танысты. Келесі тапсырма мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеуге арналды. Осы тапсырма мұғалім өзінің қандай болуға тиіс екендігі туралы пікірін ой елегінен өткізуге және талқылауға көмек көрсету мақсатында әзірленген. Топтың әрбір мүшесі төрт карточка – өздері толық келісетін көзқарас жазылған екі карточка және өздері үзілді-кесілді келіспейтін көзқарас жазылған екі карточка таңдап, ол туралы ақпаратпен бөлісті. Осы тапсырмада негізінен мұғалімдер таңдаған карточкадағы пікірлер:
Жақсы мұғалімге айналу үшін жаңа кәсіби білім қалыптастыру мақсатында әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс істеуге қабілетті болуыңыз керек.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
