Құттықтаймыз!

27.10.2015


   Қазанның 23 күні Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Махамбет-тарихи тұлға» атты қалалық байқауына мектебіміздің үш оқушысы қатысты. Байқау үш номинация бойынша өтті.
«Мен-Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» мәнерлеп жатқа оқу сайысына 6 «А» сынып оқушысы Тұмарбек Нұрдана қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. «Ұлы арман» - Махамбет Өтемісұлы күйлерін орындаушылар сайысына 8 «А» сынып оқушысы Казбеков Ернар қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Нурлашев Жанибек Махамбет Өтемісұлының «Баймағанбет сұлтанға айтқаны» атты жырын орындап, екінші орын алды.
Байқауға қатысушыларға алғыс білдіре отырып, еліміздің болашағына өз үлестерін қосып, биік шыңдарды игере берулеріне тілектеспіз.

                                                                                         Оқу ісінің меңгерушісі  Залетаева А. Қ.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено