«Функционалдық сауаттылық: бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті.

21.10.2015

«Функционалдық сауаттылық: бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласы білім басқармасының бастауыш сынып әдіскері Ақмоншақ Нұғман және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семнардың теориялық бөлімінде филология ғылымының магистірі ҚазОА атқарушы директоры Сапаргул Мирсеитова «Оқуға үйрену: үйрену үшін оқу» тақырыбында тренинг өткізді. Семинардың тәжірибелік бөлімінде 4 «Д» сыныбында  дүниетанудан «Ауа райы.Ауа райын болжау және оның мәні» тақырыбында  Айсұлу Кажуева ,  4 «А» сыныбында әдебиеттік оқудан «Сыбызғышы» ертегісін Маржан Аубакирова , әдебиеттік оқудан «Мейірім» мәтінін Үкіжан Қабыкеева сыни ойлау философиясы бойынша жоғары дәрежедегі сабақтар өткізді. RWCT жобасының халықаралық дәрежедегі әдіскері Алтын  Момынқұлованың «Отбасылық  сауаттылық» жобасы негізінде 3 «Г» сыныбында Салима Мұсабаева    ата-аналар мен балалардың бірлескен оқырман клубының «Менің сүйікті кітабым» атты сыныптан тыс жұмысын көрсетті

Қала көлемінде өткен семинардың ойтолғанысын мектеп директорының  ғылыми-әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары , Астана қаласы «Сыни ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігінің директоры Назым Төкебаева  жасады.

Осы семинардың нәтижесінде қатысушылар бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту,  мәтін мен жұмыс жүргізу, оқырмандық мәдениетті дамыту жолдары мен әдістерін үйрене алды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено