«Мектеп жағдайында жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»

20.10.2015

2015 жылғы  19 – қазанда   №52 мектеп-гимназиясыны  5-11 сыныптар бойынша жинақталған волонтер оқушылармен  аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу,мазасыздық, депрессия белгілерін анықтау, уақытында мектептегі психологиялық қызметке бару дағдыларын оқыту,сонымен қатар қолданыстағы сенім телефондары туралы хабардар ету  мақсатында оқыту сабағы өтті.



Психолог  өзінің аты-жөнін айтып топқа өзін таныстырды. Содан кейін, оқушылар өздерінің аты-жөнін айтып танысу жұмысы жүрді.

Психолог бағдарламаның себептері мен мақсаттары туралы қысқаша түсініктеме беріп: "Біз бүгін немен айналысамыз? Өмірдің әртүрлі жағдайларында өзімізді қалай сезінетініміз жөнінде сөз қозғаймыз. Өз сезімдерімізді байқауға және олардың біздің ойымызға және іс-әрекетімізге тигізетін әсерін қарастыратыны жайлы айтты.

 

Психолог бағдарламаның мектепте қалай іске асатындығын түсіндірді.

Оқыту барысында : «Психикалық денсаулық», «Шарықтаулар мен құлдыраулар», «Адамдар өз мәселелерін жеңе алатын қандай тәсілдер бар?», «Біз өз сезімдеріміз бен эмоцияларымызға әсер ете аламыз ба?»,"Эмоционалдық мәселелер, стресс, дағдарыстар, депрессиялар, суицидалдық ойлар немесе психикалық денсаулықтың басқа да мәселері» жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл мәселелер шешімін табады. Сізге немқұрайлы қарамайтын және сізге көмектесе алатын адамдар бар – оларға соны жасау үшін мүмкіндік беріңіз, оларға жүгіну керектігін ескерте отырып сенім телефондарын ұсынды.

Есіңізде болсын, тіпті егер біреуді көмекке жүгіндіруге  сендіру оңай болмаса да, маманның көмегі қолжетімді екенін айтты.Оқушылар өз сұрақтарын қойып психологпен пікірлесті.

ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТЫП, ҚОЛ ҰШЫН БЕРУ – АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛАТЫНЫН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!!! ,- деп психолог волонтер оқушыларды оқыту сабағын қорытындылады.

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено