9 мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мектепішілік іс-шаралар өтгізілді.
09.05.2015Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай мектебімізде түрлі іс-шаралар өтті.
- 1-11 сыныптарды 7 мамыр күні бірыңғай «Ұлы Жеңіске тағзым» атты ашық тәрбие сағаттары өтті.
- 4 мамыр күні «Алматы» ауданы соғыс ардагерлері қоғамынан үш майдангерді қарсы алып, мерекелік кездесу өтті.
Кездесуге келген ардагерлер, ардагер ұстаздар:
- Табешев Барлыбай Табешұлы;
- Оушакимов Шұғайып қажы;
- Бекмадияұлы Ахат.
Ардагер аталарымызды ыстық құшақ жая қарсы алып, сұрапыл соғыс жылдарына шолу жасап, өнерлерін көрсеткен 6 «А», 6 «В», 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушылары. Аталарымыз қан майданда бастан кешкен оқиғаларын жас буынға әңгімелеп берді. Балалар ұйып тыңдап, аталарына гүл шоқтарын, шағын сыйлықтарын сыйлады. «Катюша» билерін билеп, майдан әндерін сыйлады.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
