31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

26.05.2015

1997 жылдан бастап «31 мамыр – Саяси  қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбандарына айналды.  Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» атты өлеңінде:
«Мен қазақпын мың өліп,  мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген»
деп жырлағанындай, қазақтың басынан өтпеген зұлмат кемде-кем. Алайда, тоталитарлық саясаттың машинасы бәрінен асып түсті. Қазір осы күнді аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы жоқ. 22 мамыр күні  мектебімізден 7-8 сынып оқушылары  «Алжир» мұражайына экскурсияға барды. Оқушылар, осы қанқұйлы жылдардың ақиқатын,  жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін  біліп, оларды мәңгі ұмытпай, әрқашан есте сақтау, парызымыз- деген оймен оралды.
                                                                                Сабанбаева Ж. М, тарих пәнінің мұғалімі



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено