Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған арналған сап түзеу және ән байқауы

08.05.2015

№ 6 гимназияда 2015 жылдың 8 мамырында 5-6 сынып оқушылары арасында Отан Қорғаушылар күнін атап өту және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы шеңберінде«Жеңіс алауы!» атты сап түзеу және ән байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- Патриоттық тәрбие, жауапкершілк, ұжымшылдық сезімге тәрбиелеу;

- Жастарды физикалық және амамгершілік шынықтыру;

- Сап түзеу жаттығуларының дағдыларын жетілдіру;

- Салауатты өмір салтын насихаттау.

Шарттары:

- сап түзеу тәртібі;

- сыртқы киімі (төстаңбалар, бас киімдері, бірыңғай киім);

- командирдің рапорт беруі;

- қайта сапқа тұруды орындау;

- сап түзеу қадамы;

- әннің нақты анық орындалуы.

Дайындыққа дене шынықтыру және АӘД мұғалімдері, ата-аналар, сынып жетекшілері қатысты. Балалар сапқа тұру дайындығының дағдылары мен сапта тұрып ән орындау шеберліктерін көрсетті.

1 орынға 6 г сыныбының командасы, 2 орынға 5 а сыныбының, 3 орынға 6 б сыныбының командасы ие болды. Жеңімпаздар құрмет мадақтамасымен марапатталды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено