Сахналандырылған әскери әндер байқауы

05.05.2015

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 2015 жылғы 5 мамырда № 6 гимназияда сахналандырылған әскери әндер байқауы өтті. Байқауға 8-9 сыныптың оқушылары қатысты. Іс-шарада соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Балалар іс-шараға жауапкершілікпен қарап, байқаудың барлық шарттарын есепке алып дайындалған. Төрешілік жасау өте қиын болды, себебі бұл байқауда үздік өнер көрсеткен оқушыларды таңдау керек болды. Жеңімпаз 9 «а» сыныбының оқушылары 1 орынға ие болса, 2 орынды 8 «г» сынып оқушылары алды, ал үшінші орынды тамаша өнер көрсеткен 9 «б» сыныбының оқушылары місе тұтты. Байқауға қатысқан барлық оқушылар аталымдар бойынша марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено