Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Наурыз-Думан»

Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында 17-18 наурыз күндері  Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-Думан» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында 7-10 сынып оқушылары мектептің бірінші қабатында ән салып, би билеп, дастарқан жайып, мектепке келген оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Мектептің екінші қабатында бастауыш сынып оқушылары өздерінің қолдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, сыныптарында ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен наурыз мерекесін өткізді. Мереке барысында ойнатылған ұлттық ойындар мен «Қаражорға» биі оқушыларды ерекше қызықтырды. Балаларының өнеріне тәнті болған ата-аналардың ризашылығында шек болмады. Мектеп ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз құтты болсын,

Дендеріңіз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытқа кенелсін,

Еліміздің несібесі көп болсын!


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь