М. Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша № 58 мектеп-гимназияда конференция өтті

14.02.2015

Ақпанның 13 күні № 58 мектеп-гимназияда М. Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша ата-аналар мен 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушыларының бірлескен отбасылық оқырмандар конференциясы өтті.  Оқырман конференциясында оқушылар мен ата-аналар топқа  бөлініп, оқиғада берілген тақырыптары бойынша кейіпкерлерге талдау жасады. Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздікті аша отырып, СТО стратегиясының элементтерін пайдаланып, тақырыпты толық ашып көрсетті. 8 – сынып оқушысы Ысмайыл Даурен шығарманы монологпен көрскемдесе, Құрманәлі Ерболат  тақырыпқа байланысты өзі шығарған өлеңін оқып берді. Белсенді қатысқан ата-аналарға әкімшілік тарапынан мақтау қағаздары тапсырылды. Конференцияны ұймдастырған кітапхана меңгерушісі С.М Айтмағамбетова  және қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ж.Е Жұмағалиеваға алғысымызды білдіреміз.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено