«Халық іші-өнер кеші»
25.09.2014 ж. Тілдер мерекесі аясында «Халық іші-өнер кеші» атты қорытынды тіл фестивалі өтті. Оқушылар арасында өз өнерлерін көрсете білгендер де аз болмады. Өзге тілде ән айтып, көрермендердің көңілінен шыққан келесі оқушыларымызды ерекше айтып өтсек болады.6 «В» сынып оқушылары Джапарова Дарина, Мансурова Айымжан және Канн Викторияның орындауында «Veo.Veo» испан әніне көрермендер қол шапалақтап, қошемет көрсетті.
6 «Б» сынып оқушысы Бахтияров Алихан «ЧА,ча,ча» биімен көңіл көтердік.
Бекболатовтар әулетінің орындауында орыс романсы орындалды. Бастауыш сынып оқушылары фестивальға ойдағыдай жақсы дайындалып,өз өнерлерін көрсете білді.«Анамның тілі» әнін 1 «А» сынып оқушысы Үшкемпірова Аяулым жоғары деңгейде орындады.Өзбек, араб, лезгинка билері, украин, қазақ, ағылшын әндері оқушылардың орындауында ата-аналар және де басқа көрермендердің көңілінен шықты.Біздің мектепте өнерлі балаларымыз бар және де осындай байқауларды жоғары деңгейде дайындықтарын көрсете білді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
