Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Жас Ұлан»

30 сәуір күні мектептің мәжіліс залында ҚР Халықтары бірлігі күні аясында «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер респуликалық ұйымына салтанатты қабылдау іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға мектептің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері: «Ғафу шәкірттері» КТК командасы, оқушылар кеңесі мүшелері, ата-аналар және мектеп мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында 5А, 5Ә, 5Б, 5В сынып оқушылары   «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер респуликалық ұйымына қабылданды. Салтанатты іс-шараға шақырылған қонақтар оқушыларға  «Жас Ұлан» төсбелгілерін тағып, олардың ант беру рәсімдерінің куәсі болды. 6 сынып оқушыларының орындауындағы патриоттық әндер мен «Жас Ұлан» гимні іс-шараны ажарландыра түсті. Соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кампитова С. А, тарих пәні мұғалімі М. Еркінбек және ұланбасы Қуанышева А. құттықтау сөз сөйледі.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь