«Шексіз математика»

12.03.2014

І Халықаралық «Шексіз математика» атты математикалық турнир  Болгария мемлекетінің математика саласындағы белді орталығы ұсынысымен өткізілді. Бұл турнир бірнеше маусымдық ойыннан тұрды. Турнирдің қысқы маусымына мектептен 5-8 сынып оқушыларынан 45 оқушы қатысқан болатын. Турнир есептері оқушылардың логикалық ойлауына құрылған қызықты да, «қыңыр» есептер болды. 20  есептен тұрған тестің  есептері жеңілден ауырға қарай құрылған. Осы турнирде Нарбаев Бақдәурен 2-орын, Абдыгалиев Жандос,Әлібеков Әлішер, Асқарұлы Тарлан,Шуншалин Мейрам, Рыскулова Айбану 3-орынды иеленді.

      Оқушылар Болгариядан жіберілген арнайы Диплом және күміс, қола медальдармен марапатталды.

Жеңімпаздарды халықаралық деңгейдегі жетістіктерімен құттықтаймыз!





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено