Сәрсенбі – кәсіби бағдар күні.

01.04.2026

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Таңдау жаса» жобасы аясында «Сәрсенбі – кәсіби бағдар күні» қарсаңында Астана қаласының Медициналық колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға кәсіби бағдар беру, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсету, медицина саласына қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ оқу орындарының білім беру жүйесімен таныстыру болып табылады. Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының оқыту жүйесі, мамандық түрлері, қабылдау талаптары, материалдық-техникалық базасы және ішкі тыныс-тіршілігі туралы кеңінен ақпарат берді. Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім алудың ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталды. Сонымен қатар іс-шара аясында практикалық бөлім ұйымдастырылып, оқушылар медицина саласына қатысты кейбір дағдылармен танысты. Кездесу оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін көрсетті. ВИДЕО КӨРУ



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено