Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Дроп» қысқаметражды фильмі.

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша 8-11 сынып оқушыларына «Дроп» қысқаметражды фильмі көрсетілді. Аталған іс-шара білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Фильмді көрсету барысында оқушыларға қаржылық алаяқтық, интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар, «дроп» ұғымының мәні және оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, жеке деректерді қорғау, күмәнді ұсыныстардан сақтану жолдары айтылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және саналы, жауапты азамат тәрбиелеу. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь