Киберқауіпсіздік – заман талабы.

13.11.2025

Мектеп парламенті мүшелері 7 «М» сыныбы оқушыларымен «Киберқауіпсіздік – заман талабы» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, жеке деректерді қорғау дағдыларын қалыптастыру және әлеуметтік желілерде мәдениетті, жауапты әрекет етуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында парламент мүшелері:
интернеттегі алаяқтық пен зиянды сілтемелерден сақтану жолдарын;
жеке ақпаратты (фото, мекенжай, пароль) жарияламау қажеттігін;
кибербуллингтің зияны мен оның алдын алу тәсілдерін;
әлеуметтік желідегі әдеп нормалары мен жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.
Оқушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы киберқауіпсіздікті сақтау жолдарын талқылады. ВИДЕО КӨРУ



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено