Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

🎉 ҰСТАЗҒА МӘРТЕБЕ – ЖЕҢІСКЕ ЖОЛ! 🎉

2024–2025 оқу жылының спартакиада қорытындысы бойынша Астана қаласы, М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы үздік үштіктің қатарынан көрініп, күміс жүлдені иеленді! 🥈 Сонымен қатар, қалалық білім беру ұйымдарының рейтингінде де мектебіміз екінші орынды қанжығасына байлады! 🏆 🔹 Бұл - әрбір ұстазымыздың қажырлы еңбегінің, шәкірттерімізге деген сүйіспеншілігі мен жанашырлы көзқарасының нәтижесі. Бүгін, Ұстаздар күні қарсаңында, №114 мектепте өткен салтанатты марапаттау шарасында, осы жарқын жетістігіміз үшін мектебіміздің ұстаздары арнайы марапатқа ие болды. Бұл - ұжым болып бірігіп, мақсатқа ұмтылудың айқын дәлелі! 📌 Ұстаз - тек білім беруші емес, ол - шәкірт жүрегіне шырақ жаққан тұлға. Сол шырақтың жарығы бүгінде биік белестерден көрініп отыр. 💐 Барша мектеп ұжымына шексіз алғыс пен зор құрмет білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз еленіп, әрдайым жеңіс пен жетістіктің биігінен көріне берейік!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь