«Озат ұстаз – озық тәжірибе» педагогтердің педагогикалық тәжірибелерін тарату
«Озат ұстаз – озық тәжірибе» педагогтердің педагогикалық тәжірибелерін тарату
2025 жылдың 07 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназия базасында «Озат ұстаз – озық тәжірибе» педагогтердің инновациялық – педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату негізінде семинар өтті. «Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК директоры Жарменова Гулмира Сергазиевна, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Айгараева Раушан Ратовна сөз сөйлеп, педагогтердің көп жылдық еңбегінің нәтижесінде пайда болған озық педагогикалық іс-тәжірибелерін таратуға қатысушы педагогтерге сәттілік тіледі.
Педагогтердің инновациялық – педагогикалық іс-тәжірибе материалдарын тарату және өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған семинарға «Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейі», «С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп- гимназиясы» ШЖҚ КММ, «Ж.Аймауытұлы атындағы №24 орта мектеп» ШЖҚ МКК, «Ы.Алтынсарин атындағы №83мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК, «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ, «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласының білім бөлімінің әдіскері, Қосшы қаласы мектеп-гимназиясының педагогтері қатысты.
Аталған шарада Қалалық оқу-әдістемелік Сараптамалық кеңесте қаралып, мақұлданған авторлық бағдарламалар мен әдістемелік материалдары бойынша 24 педагог озық тәжірибелерімен бөлісіп, іс-тәжірибелерін таратты.
Семинар соңындағы кері байланыста қатысушы педагогтер өздерін ойландырған сұрақтарға жауап алып, өз кәсіби біліктіліктерін нығайтуда септігін тигізетінін атап өттіп, ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғыстарын білдірді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау




.jpeg)

