Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Заң және тәртіп» айы аясында ата-аналар жиналысы.

Мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп» айы аясында, «Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата-ана жауапкершілігі. Балалардың әртүрлі жас кезеңдеріндегі құқықтық мәдениетін тәрбиелеудегі қиындықтар» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Ата-аналарға балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдарын көрсету. Ата-аналар жиналысында құқықтық сана туралы түсінік берілді және оның бала тәрбиесіндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында презентациялар көрсетілді. Ата-аналар мен педагогтар арасында тәжірибе алмасу, ортақ мақсатта жұмыс жасау бойынша тренинг жасалынды. Сонымен қатар, мектеп психологы Оспан Назерке «Х-Y-Z ұрпақтар теориясы» заманауи ұрпақ психологиясы туралы ата-анамен байланыс пікір алмасуын жасады. Ата-анаға бүгінгі бала психологиясындағы өзгерісі, олармен қалай қарым-қатынас жасау керек екендігін туралы ақпараттар берілді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Г.Төлеген «Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата-ана жауапкершілігі» туралы . арнайы түсіндірме сұхбат жүргізді. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь