Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына.

Мектебімізде «Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы» 29-наурызда «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні ата-аналарды «Кел, бірге талқылайық!» тренингісінен бастау алып, «Біз біргеміз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Топтық жұмыс ретінде «Отбасылық құндылықтарды қолданудың өзектілігі», «Ұлттық құндылықтарды отбасында қалыптастыру және сақтау жолдары», «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» тақырыбында ата-аналар постер қорғап, отбасының құндылығы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді талқылауды. Біздің өміріміз отбасында өтеді, сол себепті отбасыңыздағы өміріңіз жарқын әрі қуанышты сәттерге толы болу үшін баламен үнемі достық қарым-қатынас орнату қажеттігі айтылды. Дөңгелек үстел соңында ата-аналар тарапынан тақырыпқа сәйкес «Қолдағы гүл» кері байланыс берілді. Кейін 3-сынып ата-аналары баласының тәртібі мен оқу үлгерімі туралы пән мұғалімдері мен сынып жетекшілермен байланыс орнатып,  сұрақтарына жауап алды. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь