Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

"ДосболLIKE" семинар-акциясы

"ДосболLIKE" семинар-акциясы
      2024 жылдың 17 қаңтарында мектеп оқушылары мен ұстаздары Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен «DosboLlike: достық қолын ұсын» семинар-акциясына қатысты. Акция балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендерінің бастамасымен  оқушылардың позитивті  қарым-қатынасын және эмоционалды әл-ауқатын дамыту мақсатында «DosboLlike» бағдарламасының бастамасы болып табылады. Бұл бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы оң қарым-қатынас жасаудың ең тиімді жолдарын табу үшін оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған. Акцияның ұраны: «Нағыз досыңның болғанын қаласаң, дос бол!»
Семинарды ОАМ вице-министрі Е.Оспанов ашты. Спикерлер Г.Н. Зайсанбаев, А.С.Кулниязова, А.Б.Абдраимова, Р.А.Сеитжанова «Коммуникативтік  дағдыларды дамыту» тақырыбында мектеп омбудсмендерімен тренингтер өткізді.
Семинар соңында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Е.Н. Иманғалиев мектеп оқушыларына сертификаттар мен кітаптар табыс етті. Қазақстан Республикасының мектептері бұл бастаманы қолдап, өз мектептерінде осындай акциялар өткізуге ниет білдірді.
 







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь