"Асыл сөз" жобасы: «Зерделі ертегілер» кітабы.
Мектебімізде, «Тәуелсіздік – ел мерейі» тақырыбы бойынша мереке қарсаңында, 2 – 4 сынып оқушылары арасында «Асыл сөз» жобасы өткізілді. 2 – сынып оқушыларына «Зерделі ертегілер» кітаптары оқуға берілді.
Жобаның басты мақсаты: әдептілікке, ұқыптылыққа, білімділікке баулу; кітаптарды оқи отырып , сөздік қорын молайту; өз түсініктерін толық жеткізе алу; «Асыл сөз» жобасы аясында оқушылар ертегілерді толықтай мазмұндай алды. Кері байланыс ретінде өздеріне ұнаған жағымды кеіпкерлердің тәрбиелік мәні жайына өз түсініктерін жазды. Оқушылар баллдық жүйемен бағаланды. ВИДЕО КӨРУ
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
