Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

“Тіл дарын” үш тілдік интелектуалды сайысы

Қыркүйектің 12 і күні, тілдер мерекесіне арналған “Тіл дарын” үштілдік интелектуалды сайысы өтті. Сайыс 5 сынып оқушылары арасында болды. Іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың ағылшын тілінде ойлауы мен қызығушылығын арттыру болатын. 

Сайыс “Spin the wheel” ойыны арқылы өтті. Сайыста оқушылар екі топқа бөлінді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: “Brief questions”, “Battle by speed” және “What is it?” (капитандар сайысы). Әр дұрыс жауапқа 1 жұлдызша=1 ұпайдан беріліп отырды. Сайыс соңында көп ұпай жинаған “Brave hearts” тобы 1 орынды иеленді.

Оқушылар ойын түрінде, еркін форматтағы жарысқа қызыға да, жарыса да қатысты. Оны оқушылардың сынып сағаты соңында жазған кері байланыстарынан да көруге болады. 

Бастысы, іс-шара өз мақсатына толық жетті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь