«Оқушылар арасында буллингтің алдын алу»
2023 жылғы 2-9 қазан аралығында № 1 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушылары арасында педагог-психологтар жалпы білім беру ортасында буллингтің алдын алу мақсатында «Оқушылар арасында буллингтің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушылар «буллинг», «кибер-буллинг» ұғымдарымен танысып, буллингке қатысушылардың психологиясын зерттеді, сондай-ақ оқушыларға Сенім телефондары туралы ақпарат берілді, кибербуллингпен қалай күресуге болатыны туралы кеңестер берілді. Оқушылар дәрісті мұқият тыңдап, осы тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.
\


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
