Жазғы бейіндік легерьдің 14 маусым күні өткізілген жұмысы туралы мәлімет
2023 жылдың 14 маусымында мектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік лагерінің «Лингвист» бағыты «Когда слова становятся крылатыми» тақырыбында «Атамұра» және «Тайны чтение» бағытының оқушыларымен керемет ойын түрін өткізді. Балалар фразеологизм әлеміне саяхат жасап, сөз байлықтары мен тілге деген білімдерін көрсете алды.
Сол сияқты «Жас құтқарушы мен «Speaking club» бағытының жетекшілері де «Describing people» тақырыбында ағылшын тілінде оқушылардың тіл дамыту жұмысын жүргізіп, кейін Керуен сити ОСО Jungle park-ке аттанды.
«Туған өлкем», «Жас полицей», «Жас дебатёр», «Жас психолог», «Аксиома» тобының оқушылары туған қаламыздың саябағына саяхатқа шықты. Мақсаты: туған жердің табиғат көрінісін тамашалау. Табиғатты қорғап, аялау. Саяхат барысында оқушылар емдік қасиеті бар, денсаулыққа пайдалы итмұрын, жабайы жидек пен алманың пайдасы жөнінде пікір алмасты. Оқушылардың бір тобы табиғат аясында ойын ойнап, құстарды қоректендірді. ҚР Қарулы күштер музейі «Туған өлкем» бағытының 5 сынып оқушыларына кереметтей әсер қалдырды. Бүгінгі музейде оқушылар әскери техниканың түрлерімен танысып, экспонаттар мен экспозицияларды асқан қызығушылықпен тамашалады. Экскурсия балаларға айтарлықтай әсер қалдырды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
