Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

9-маусым күні - көпес Куприннің үйінде орналасқан суретшілер мектебінде экскурсия

          2023 жылдың 9 маусымында  сағат 09:00-де мектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік лагерь бекітілген жоспар бойынша өз жұмысын одан ары жалғастырды.  «Жас суретшілер» бағытынының оқушылары «Здесь растут художники...» айдарымен тарихи ғимарат, көпес Куприннің үйінде орналасқан суретшілер мектебінде экскурсияда болып қайтты. Экскурсия барысында оқушылар қызықты ақпараттар алып, өз сұрақтарына жауап ала білді.
         «Туған өлкем», «Жас құтқарушы», «Жас полицей», «Жас дебатёр», «Қазіргі заманғы кәсіпкер», «Жас психолог», «Аксиома» бағытының оқушылары «Своя игра» атты викториналық сұрақтарға жауап беріп, математикаға деген өз білімдерін көрсете алды.
 «Туған өлкем» бағытының 7 сынып оқушылары жазғы бейіндік лагерьдің кезекті отырысын еліміздің атын шығарған жас ғалымдарға арнады. «Қазақстанның 100 жаңа есімі-2021» жалпыұлттық байқауының жеңімпаз жастары бүгінгі мектеп жасындағы балаларға үлгі болары сөзсіз.
«Туған өлкем» бағытының жетекшілері Елеуова А.С. мен Канапина А.С. 5 сынып оқушыларымен  Орталық саябаққа барып, біздің өлкеміздің өсімдіктер әлемімен танысып, соңында өсімдіктерден шағын композиция құрастырды. Сондай-ақ оқушылар ғаламтор желісінен тапқан өсімдіктерінің тарихы туралы мәліметтер жинастырды. Мұндай ашық аспан аясында жұмыс балалардың көңілінен шықты










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь