Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

15.12.2022

15- желтоқсан күні қоғамдық пәндер апталығы аясында "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында тарихи шеру өтті.

Тарих пәні оқытушыларының бастауымен оқушылар Алаш қозғалысынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарихи оқиғаларды сахналық қойылым арқылы көрсетті.
"Алаш туы астында", "Ұлы нәубет", "Шоқтығы биік тұлға", "Жеңіс туы", "Шынжырда өткен жолбарыс", "Мұзда жанған алау", "Тәуелсіздік еліміздің баға жетпес байлығы" қойылымдары қойылды.
Жиын соңында директордың міндетін атқарушы А.Молдаханова тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!!!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено