"Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі", "Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті!" , "Отбасы-бақыт мекені", «Тәрбиенің ең басты мектебі – Отбасы», "Жақсы бала, ата - ана қуанышы" тақырыптарында жиналыс ұйымдастырылды

17.11.2022

Мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі", "Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті!" , "Отбасы-бақыт мекені", «Тәрбиенің ең басты мектебі – Отбасы», "Жақсы бала, ата - ана қуанышы" тақырыптарында жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында ата-аналар жұптық, топтық жұмыстар орындап, ситуациялық сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерін белсенді түрде ортаға салды.
Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы және бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін атап өтіп, баламен қарым – қатынасты жақсарту жолында ат салысатындықтарын айтты.
Сондай-ақ, ата-аналар мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігі өзара бірлескен жұмыста екендігіне көз жеткізіп, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру үшін сынып жетекшісімен бірлесе әрекет етуге сенім білдірді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено